ҚАЕУ журналистері «Қазмедиа орталығы» жаңа курсынан өтті

Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттері мен оқытушылары «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінен «Медиа саласындағы маман бол» онлайн-курсынан өтті.

Курс медиа ерекшеліктері, журналистерге қойылатын талаптар, хабар тарату мәдениеті және осы саладағы басқа да маңызды ақпарат сияқты тақырыптарды қамтыды. Белгілі журналистер, соның ішінде Мақсат Толықбай, Ғалым Қалмен, Айбек Қосанов, Майра Төлепберген және Ерқанат Көпжасар курс спикерлері ретінде сөз сөйледі.

«Журналистика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Оразалықызы Балауса мен Жұмабекова Дильназ Астанада өткен марапаттау рәсіміне қатысты. Кездесуде сондай-ақ «Қазмедиа» орталығы бойынша экскурсия ұйымдастырылды, онда жас мамандар медиа индустриямен танысты.

Педагогика және психология кафедрасы