ҚАЕУ-гі Дөңгелек үстелде американдық профессор мәдениетті басқарудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды

Белсенді білім және тәжірибе алмасу аясында 2023 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Буффало университетінің профессоры – Констанс Девераның қатысуымен Дөңгелек үстел өтті.

Профессор Девера мәдениетті басқару тұжырымдамасының өзіндік идеясын ұсынды, бұл салада өзара әрекеттесу мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде студенттермен алмасу бағдарламалары арқылы университеттер арасындағы ынтымақтастық  келешегін қозғап, қатысушыларға құнды түсініктер мен одан әрі бірлесіп даму мүмкіндіктерін ұсынды. Профессор Девера академиялық өсу мен дамуды ынталандырудың, сондай-ақ халықаралық жобаларға белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның оқытушылары мен қонақтары профессордың  сөйлеген сөзін мәдениетті басқару саласындағы болашақ ынтымақтастық үшін шабыттандыратын және жемісті ретінде бағалады. Іс-шара осы саладағы өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, студенттермен алмасу мен ғылыми зерттеулердің жаңа  келешегін ашты.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті