ҚАЕУ студенттері өмірлік стратегияларды үйренуде

2023 жылғы 12 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттер тобы, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми – сараптамалық тобының қолдауымен,  Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппаратының «Достық Үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ атынан Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Мәдениетаралық толерантты кеңістікті қалыптастыру және жастар ортасында диалогты дамыту» толеранттылық студенттік мектебінің ХХ сессиясының жұмысына қатысты.  Командаға «Құқықтану», «Құқық және құқық қорғау қызметі», «Құқық және кеден қызметі» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері: Амангелді Әлішер, Тратонин Ілияс, Хорева Ангелина, Бесембаев Әділ, Ерназаров Ұлан, Кучина Дарья, Мовилян Милана, Скакова Камила кірді.

Ағымдағы мектепке үш команда қатысты – С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және ҚАЕУ. ХХ сессия «Ғылым – Қазақстан жастары үшін табысты өмірлік стратегия»тақырыбында өтті. Студенттер «Өмірлік стратегиялар және оларды жүзеге асыру жолдары» диалогына қатысты. Мектеп жұмысы екі кезеңде жүргізілді:

  • бірінші кезеңде студенттермен интерактивті түрде мектеп сарапшылары жұмыс істеді (т.ғ.д., профессор А.Н.Алексеенко, ф.ғ.д., профессор Л.В.Столярова, т.ғ.к., доцент Н. Л. Краснобаева және т. б.);
  • мектептің екінші бөлімі мектеп сарапшыларының жетекшілігімен командалардың пікірталас алаңы ретінде өткізілді – командалардың әрқайсысы өздерінің жобалық жұмыстарын дамытып, қорғады.

Мектеп сарапшылары ұсынылған «Қазақстандағы жас отбасы: проблемалар мен мүмкіндіктер» жобасын жоғары бағалап, ҚАЕУ студенттерінің мықты командалық рухы мен үйлесімді командалық жұмысын ерекше атап өтті. Мектеп жұмысының соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы