Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушыларының шетелдік тағылымдамасы

Ташкент мемлекеттік заң университеті мен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум негізінде «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары Ташкент мемлекеттік заң университетіне барды.

Зерттелетін саладағы озық шетелдік тәжірибені зерделеу, диссертациялық зерттеу шеңберінде ғылыми зерттеулердің, эксперименттік деректерді өңдеу мен түсіндірудің заманауи әдістерін қолданудың  тәжірибелік дағдыларын игеру және бекіту, сондай-ақ «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты, «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы М. Н. Тәжиева кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ТМЗУ Еңбек құқығы кафедрасына ғылыми тағылымдамадан өтуге қабылданды. Тағылымдама 2023 жылғы 18 ақпаннан 20 наурызға дейін жалғасады, оның барысында докторант әріптестерінің сабақтарына қатысады, университеттің кітапхана қорын зерттейді, ғылыми сипаттағы іс-шараларға қатысады.

«Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Б.А.Үмітчинова университеттер арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту мақсатында ТМЗУ-ға шақырылған оқытушы ретінде барды.

ҚАЕУ оқытушыларының сапарының бай бағдарламасы әртүрлі іс-шараларды қамтыды: материалдық-техникалық базамен, университеттің кітапхана қорымен танысу, әріптестердің сабақтарына қатысу, ресми кездесулерге, дөңгелек үстелдерге қатысу және т. б.

20 ақпанда ҚАЕУ ПОҚ-ның ТМЗУ халықаралық ынтымақтастық және үздіксіз білім беру жөніндегі проректоры Дилшоджон Умаровпен ресми кездесуі өтті, онда проректор елдің бас заңгерлік жоғары оқу орнының алдына қойған мақсаттарын, оқу процесіне енгізілген өзгерістер мен жаңалықтарды, шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айтты.

22 ақпанда ҚАЕУ делегациясы ТМЗУ ректорының м. а. Исламбек Рустамбековпен кездесуге шақырылды, оның барысында білім беру саласындағы тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың бірқатар перспективалық бағыттары айқындалды. Атап айтқанда, академиялық ұтқырлық бағдарламалары шеңберінде университеттер арасында студенттер алмасуды күшейту, шақырылған профессорлар ретінде оқытушылармен алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысының келешегі туралы сөз болды.

Сондай-ақ, оқытушылар «REGULATION ISSUES OF ATYPICAL LABOR RELATIONS IN UZBEKISTAN AND FOREIGN COUNTRIES» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты, оның мақсаты цифрландырудың дамуымен және кәсіптер мен қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуымен туындаған атипті еңбек қатынастарын реттеудегі Өзбекстан Республикасы мен шет елдердің тәжірибесін талқылау болды. Оқытушылар дөңгелек үстел тақырыбын талқылауға белсене қатысып, ҚАЕУ, оның миссиясы, құрылымы мен қызметін таныстырды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы