«Startup for students» немесе бизнесті неден бастау керек тақырыбында қонақ дәрісі

2022 жылғы «03»қарашада «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнін оқу аясында бизнес кафедрасының аға оқытушысы Д.С. Мамырбекова бизнес кафедрасының барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс білім алушыларына қонақ дәріс ұйымдастырды.

Спикер ретінде ҚАЕУ университетінің түлегі Идаятұлы Қашап сөз сөйледі.

Оның қызығушылықтары мен құзыреттері:

  1. инновациялық кәсіпкерлік;
  2. даму стратегиясын және бизнес-модельдерді әзірлеу;
  3. инвестициялар тарту.

Идаятұлы Қашап бүгінде кәсіпкерліктің 3 түрін бір уақытта жүзеге асыруда. Спикер студенттік орындықтан бизнес жүргізудің жеке тәжірибесімен бөлісті, оның қалыптасу мүмкіндіктері мен қауіптері туралы айтып берді, инвесторларды қалай табуға, идеяны әзірлеуге және оны масштабтауға болатынын түсіндірді.

Қонақтық дәріс барысында білім алушылар кәсіпкерлік саласында қызығушылық танытқан сұрақтарын белсенді түрде қойып, болашақта тағылымдамадан өту және бірлескен жобалық жұмыс мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

Бизнес кафедрасы