Ташкент мемлекеттік заң университетіндегі халықаралық конференция

2023 жылғы 3 шілдеде Ташкент мемлекеттік заң университетінде «Денсаулық сақтау құқығын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландыруды құқықтық реттеу» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Аталған конференцияға Гданьск университетінің, Қазақстан-Американдық еркін университетінің, Ташкент мемлекеттік заң университетінің және Әлемдік экономика және дипломатия университетінің профессорлары мен оқытушылары қатысты.

Іс-шара аясында медициналық заңнаманы дамытудың жаңа қағидаттары мен осы саладағы дамыған елдердің тәжірибесі мысалында телемедицинаны құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.

Конференция аясында ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А. Мужчиль «Қазақстандағы медицинаны цифрландырудың құқықтық негіздері»тақырыбында спикер ретінде сөз сөйледі. Біздің оқытушының онлайн-баяндамасы ҚАЕУ – университетінің серіктес -ЖОО – «Тұран-Астана»  қабырғасында өтті.

Ынтымақтастық үшін Ташкент мемлекеттік заң университеті мен «Тұран-Астана» университетіне алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы