TEDx форматындағы «Еңбек жастарының үздік тәлімгері » тақырыбындағы кездесу

Қазақстанда 2013 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Биыл бұл айтулы күн 24 қыркүйекке келеді. Еңбек күні – бұл күнтізбедегі Еңбек мерекесі ғана емес, сонымен қатар еңбек өңірі сапасының көрсеткіші.

Осы мереке қарсаңында еңбек құндылықтарын ілгерілету мақсатында 2023 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде Аллахвердиева Эльвирамен TEDx форматында «Еңбек жастарының үздік тәлімгері» тақырыбында кездесу өткізілді.

Спикер еңбек нарығының заманауи үрдістері, кәсіби даму мен өзін-өзі  таныту шарттары мен факторлары туралы айтып берді.

Студенттер V. U. C. A тұжырымдамасының қазіргі ұғымымен танысты, сондай-ақ белсенді диалогта «Даму үшбұрышы» ұғымы ашылды.

Өз сөзінің соңында спикер Дж. Холландтың жұмысшылар ортасындағы кәсіби тұлға  тұрпаты теориясының негіздерін берді.

Жұртшылықпен байланыс орталығы