«Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы» пәні шеңберіндегі аудиториядан тыс сабақ

2023 жылғы 12 мамырда аудиториядан тыс сабақ өтті – «Туризм» және «Мейрамхана ісі  және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен бір күндік жаяу серуендеу.  Жорықтың орны Ұлан ауданы болды.

Жорықты өткізудің мақсаты-таулы жерлерде жаяу туризмнің тәжірибелік дағдыларын алу, жолдар мен соқпақтар бойынша жүру, компас бойынша бағдарлау, алғашқы медициналық көмек көрсету, ішкі туризмге сұраныс деңгейін арттыру.

Жорықтың ұйымдастырушылары Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі және «Сolor of Life» туристік фирмасы болды.

Туристік жорық кезінде ҚАЕУ білім алушылары Абылайкет бекініс-монастырының тарихи нысанын аралады. Бекініс (Абылайкет) Өскемен қаласынан 85 шақырым, Бозанбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым, Алғабас ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан. Жер бедері солтүстіктен батысқа қарай биік жартастармен жабылған әдемі жазықты білдіреді.

Бағдарда білім алушылар жергілікті жерлерге бағдарланып, картамен жұмыс істеді, туристік тораптарды тоқуды үйренді, азимут бойынша бақылау пункттеріне көшті. Жаяу серуендеу кезінде студенттер батпақтар, таулар мен жыралар арқылы өтіп, су тосқауылынан өтті. 1 курс студенті Глушаков Артем жорық туралы өз әсерімен бөліседі: «Жорық көңілді, қызықты және танымды өтті! Біз көп нәрсені білдік, туристік дағдыларды игердік және бұл бізге болашақ жорықтарда пайдалы болады. Біз көп әсер  алдық және тағы бір рет серуендеуге қуанышпен барар едік!»

Бизнес кафедрасы