Жастар ортасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың өзекті мәселелері
Діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша тәрбие жұмысының жоспары аясында Дін проблемаларын зерттеу орталығының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты — Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл профилактикасы мәселелерінде ақпараттық құзыреттілікті арттыру, әлеуметтік сипаттағы білімді насихаттау.
Спикерлер ретінде облыстық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі Ағзам Маушин және ШҚО Дін істерін зерттеу орталығының маманы Бекқалиева Айжан Садыққызы сөз сөйледі. Кездесу ашық диалог алаңы форматында өтті.
Экстремистік бағыттағы ұйымдар бейқұрылымдық идеяларды тарату үшін Интернет желісін пайдаланады. Басты қауіп — экстремистік идеологияны тарату мақсатында жастардың санасына әсер ету әрекеті.
Әңгіме барысында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл нысандары, әлеуметтік желілерде діни экстремизмнің алдын алу әдістері туралы ақпарат берілді. «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс — қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 Қаулысының негізгі ережелеріне талдау жасалды.