“Шет тілдер” кафедрасы
Кафедрада келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі: «Аударма ісі», «Шет тілі: екі шет тілі» (ағылшын тілінде), сондай-ақ «Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламалары бойынша магистранттарды даярлау жүзеге асырылады.
Кафедрада 16 тұрақты және 7 қосымша оқытушы жұмыс істейді. Педагогикалық қызметкерлердің орташа жасы – 40 жас. Барлық оқытушылар магистр дәрежесіне ие, шет тілдерін оқыту әдістемесі саласында терең білім мен мәдениаралық қарым-қатынас саласындағы кең тәжірибеге ие, өздерінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіруге атсалысады. Оқытушылар үш жыл ішінде кемінде бір рет біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Кафедрадағы негізгі біліктілікті арттыру формаларына Гёте институтының тілдік семинарларына, ҚАЕУ семинарлары мен тренингтеріне, Алматы қаласындағы ҚазХҚжӘТУ және Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшылық пен ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институты «Өрлеу» курстарына қатысу, сондай-ақ АҚШ пен Германия университеттеріндегі тағылымдамалар кіреді.
«Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының барлық курс студенттері заманауи білім беру нарығы талаптарына сай жұмыс оқу бағдарламалары бойынша оқытылады. «Аударма ісі» ББ студенттері менеджмент және туризм салаларында қосымша мамандану мүмкіндігіне ие (Minor бағдарламалары); ал «Шет тілі: екі шет тілі» ББ студенттері аударма саласында қосымша мамандану мүмкіндігін алады (Minor бағдарламалары).
Кафедра мамандығы студенттері (бакалавриат деңгейі) екі шет тілін оқиды. Негізгі шет тілі ретінде ағылшын тілі, ал екінші шет тілі ретінде студенттер неміс, испан, қытай немесе түрік тілін таңдай алады.
Кафедра ғылыми-зерттеу жұмысы аясында «Lingua» студенттік ғылыми шеңбері қызмет етеді.
Арнайы жабдықталған кабинеттер – лингофон кабинеті және шет тілдерін оқыту әдістемесі кабинеті бар.
Сонымен қатар, шет тілдері кафедрасында Лингвистикалық орталық жұмыс істейді, ол студенттер мен қала тұрғындарына шет тілдерін қосымша оқыту қызметтерін, TOEFL және IELTS халықаралық емтихандарына дайындық курстарын, сондай-ақ магистратураға түсуге дайындық курстарын ұсынады.
Американдық бағдарлама бойынша оқитын «Шет тілі: екі шет тілі» ББ студенттері қосымша «Аударма ісі» мамандығын (Minor) алуға мүмкіндікке ие. Бағдарлама оқу жоспарларына 14 қосымша кредит кіреді, олар аударма қызметін практикалық жүзеге асыру үшін қажетті компетенцияларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.