“Шет тілдері”кафедрасының білім беру бағдарламалары
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Берілетін дәрежесі: 6В02301 “Аударма ісі” білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: тіл білімі бакалавры басқа мемлекеттермен сыртқы саяси, сыртқы экономикалық, ғылыми-мәдени байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдарда; экономиканың әртүрлі бөліктерінде; халықаралық туризм жүйесінде; ақпараттық-талдау қызметтері мен агенттіктерде жазбаша және ауызша аударманы жүзеге асыруға тиіс.
- Кәсіби қызмет объектілері:
- Мәдениет мекемелері,
- Халықаралық ұйымдар,
- Әр түрлі ақпараттық-талдау қызметтері,
- Елшіліктер мен өкілдіктер,
- Министрлік туризм агенттіктері,
- Баспалар, аударма бюросы,
- Басқа ұйымдар мен кәсіпорындар.
Берілетін дәрежесі: 6В01703, 6В01704 “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: білім бакалавры білім беру (педагогикалық), эксперименттік-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтік-педагогикалық, оқу-тәрбие, оқу-технологиялық қызмет үшін дайындалуы тиіс. Халықаралық стандарттық талаптарға сәйкес, бакалавр негізгі кәсіби дайындықтың жоғары деңгейіне ие болуы керек, мәдениетаралық деңгейде шет тілді қарым-қатынас жасауға қабілетті және дайын болуы керек.
Кәсіби қызмет объектілері:
- үздіксіз және сабақтас шет тілді білім беретін оқу орындары;
- бастауыш, негізгі және бейіндік мектеп;
- мамандандырылған мектеп;
- орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері.
АМЕРИКАНДЫҚ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Берілетін дәрежесі: 6В02301 – Аударма ісі білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры. “Кәсіби қызмет саласындағы басқару” қосымша біліктілігі / “Туризм”
Біліктілік сипаттамасы: тіл білімі бакалавры басқа мемлекеттермен сыртқы саяси, сыртқы экономикалық, ғылыми-мәдени байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдарда; экономиканың әртүрлі бөліктерінде; халықаралық туризм жүйесінде; ақпараттық-талдамалық қызметтер мен агенттіктерде жазбаша және ауызша аударманы жүзеге асыруы, басқару процестерін түсінуі, ұйымның, құрылымдық бөлімшелердің, жобалардың кәсіби қызметін ұйымдастыра білуі тиіс.
Кәсіби қызмет объектілері:
- аударма бюролары,
- мәдениет мекемелері,
- халықаралық ұйымдар,
- түрлі ақпараттық-талдау қызметтері,
- туристік агенттіктер
- елшіліктер мен өкілдіктер, министрліктер.
Берілетін дәрежесі: 6В01703, “Шет тілі: екі шет тілі”білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры. “Кәсіби коммуникация саласындағы аудармашы” қосымша біліктілігі
Біліктілік сипаттамасы: білім бакалавры білім беру (педагогикалық), эксперименттік-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтік-педагогикалық, оқу-тәрбие, оқу-технологиялық қызмет үшін дайындалуы тиіс. Халықаралық стандарттық талаптарға сәйкес, бакалавр негізгі кәсіби дайындықтың жоғары деңгейіне ие болуы керек, мәдениетаралық деңгейде шет тілді қарым-қатынас жасауға қабілетті және дайын болуы керек.
Кәсіби қызмет объектілері:
- үздіксіз және сабақтас шет тілді білім беретін оқу орындары;
- бастауыш, негізгі және бейіндік мектеп;
- мамандандырылған мектеп, қосымша тілдік білім беру орталықтары;
- орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері,
- аударма бюролары, ұйымдар мен кәсіпорындардың аударма бөлімдері,
- халықаралық ұйымдар.