«Педагогика және ағылшын тілін оқыту» бағдарламасы

Бағдарламаның сипаттамасы: Педагогикалық мамандықтардағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын шетелдік студенттер Қазақстанда бір семестр көлемінде оқи алады. Сонымен қатар, студенттер Қазақстанның тілдері мен мәдениетін оқи алады. Бұл бағдарлама ағылшын тілін оқытуға бағытталған, студенттер Қазақстандағы орта және жоғарғы білім беру деңгейінде оқыту тәжірибесін ала алады. Студенттер ҚАЕУ-де бір семестрге тіркеліп, 18 кредитке дейін пәндерді таңдай алады. Бағдарламаның артықшылықтары:

·      Бір семестр бойында педагогикалық пәндерді оқу ( аптасына 9-12 сағат);

·      Жеке репетитормен және практикалық тапсырмалармен қазақ немесе орыс тілі (өз таңдауына қарай) бойынша жеделдетіп оқыту (аптасына 3-6 сағат);

·      Өндірістік педагогикалық практика мен оқыту тәжірибесі (аптасына 3-6 сағат);

·      Жалпыға білім беретін пәндер бойынша оқу немесе мәдениетті оқу бойынша курстар (аптасына 3-6 сағат).

Оқу жоспары: қазіргі кезде ағылшын тілінде оқытылатын ҚАЕУ-дегі пәндер:

·      Педагогикаға кіріспе

·      Педагогика

·      Психология мен адам дамуы

·      Мәдениеттану

·      Көпшілік алдында сөйлеу өнері

·      Елтану

·      Ағылшын тілін оқытудағы білімді бағалау

·      Ағылшын тілінің лексикологиясы

·      Ағылшын тілінің теориялық грамматикасы

·      Білім беру үрдісінің теориясы мен практикасы

·      Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі

·      Арнайы мақсаттардағы ағылшын тілі

·      Ағылшын және британдық әдебиет

·      Шет тілдерін оқыту әдістемесі

·      Шет тілдерін оқытудың арнайы бағдарланған әдістемесі

·      Көптік интеллект теориясы бойынша практикум

·      Лингвистикалық және педагогикалық зерттеу жүргізудің негіздері

·      Екінші шет тілі (испан, неміс, түрік, француз)

Студенттер оқығысы келетін семестрде қол жетімді пәндерді анықтау үшін университетпен хабарласуға кеңес беріледі.

Бағасы:  тұру, ұшу мен визалық шығындарды есептемегенде, бір семестр үшін АҚШ-тың 1000 долларына баламалы. Оқу үшін екі жақты ақы төлемеуге ҚАЕУ-мен келісілген университетте оқитын студенттер үшін растау алған жағдайда бір семестр тегін оқу мүмкіндігі бар.

Талаптары: Студенттер өз университеттеріндегі бизнес мамандық бойынша бакалавриат бағдарламасында оқуы керек. Студенттер оқып қойған пәндері бойынша транскрипт жіберуі керек. Студент ҚАЕУ арасындағы келісім-шартты толтыруы керек. Студенттер ағылшын тілінің минималды деңгейі бойынша тест тапсырулары керек (ағылшын тілінде сөйлейтін елден келген үміткерлерге қатысты емес).

Жоспар –күнтізбе: бағдарлама күзгі (қыркүйек-желтоқсан) және көктемгі (қаңтардың ортасы – мамырдың ортасы) семестрлерде жүзеге асырылады. 

Кредиттерді бағалау: Студенттер ҚАЕУ-ден семестр бойында оқыған пәндер бойынша ресми транскрипт алады. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәуелсіз агенттік (ББСҚҚТА) аккредитацияларынан өткен. Алынған кредиттер шетелдік студент білім алып жатқан университетте ешбір кедергісіз тіркеуге алынып есептеледі.