«Шет тілдер» кафедрасы

Кафедрада келесі мамандықтар бойынша білім беріледі: «Аударма ісі», «Шет тілі: екі шет тілі» (ағылшын), «Шет тілі: екі шет тілі» (неміс) және   «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтары бойынша магистрлерді дайындау жүзеге асырылады.

Шет тілдері кафедрасында 15 штатты оқытушы қызмет атқарады. ПОҚ орта жасы – 39 жас. Кафедраның барлық оқытушысында магистр академиялық дәрежесі бар, шет тілдерін оқытуды терең білімге, мәдениетаралық қарым-қатынастағы тәжірибеге ие,  әрқашан өз кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыс жасайды. Жыл сайын оқытушылардың 100%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Кафедрадағы біліктілікті арттырудың негізгі формалары – Гете-Институтының тілдік семинарларына қатысу, ҚАЕУ семинарлары мен тренингтеріне қатысу, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (Алматы қ.) және Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын «Өрлеу» БАҰО, АҚШ университеттеріндегі тағылымдамаларға қатысу.

«Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі»  мамандықтарының студенттері заманауи білім беру нарығының талаптарына жауап беретін жұмыс оқу бағдарламалары бойынша білім алады. «Аударма ісі»  мамандығының студенттері үшін ауызша және жазбаша аударма бойынша мамандандырылуға ие болуға мүмкіндік беретін білім алу траекториялары енгізілсе, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері үшін балалар/ересектер аудиториясында шет тілін оқыту бойынша мамандандырылуға ие болуға мүмкіндік беретін білім алу траекториялары енгізілген.

«Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі»  мамандықтарының студенттері шет тілдерін оқытуда коммуникативті әдістемеге негізделген үздік оқу құралдары бойынша білім алады. Тілдік мамандықтардың барлық студенттері екі шет тілін оқиды. Негізгі шет тілі ретінде ағылшын және неміс тілін оқиды, ал екінші шет тілі ретінде студенттер неміс, испан, француз немесе түрік тілін таңдай алады.

Кафедра жұмысының шеңберінде студенттердің «Lingua» ғылыми үйірмесі жұмыс жасауда. СҒҮ жұмысы ғылыми-ұйымдастыру бөлімімен, кафедрамен, университеттің студенттік орталығымен тығыз қатынаста жұмыс істейді.

Шет тілдері кафедрасына бекітілген арнайы жабдықталған кабинет те бар. Лингафонды кабинет заманауи жабдықталған және шет тілдерін оқыту үрдісінің барлық талаптарына жауап береді. Онда лингафонды құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге қажетті компьютерлер бар. Орнатылған бағдарламалық қамсыздандырылу ЖОО оқытушылары үшін әдістемелік диапазонды кеңейтіп, оқытылатындарға ең заманауи материалдарды ұсынуға мүмкіндік береді. 

таблица кафедры(каз)
таблица кафедры(каз)