“Педагогика және психология” кафедрасы
«Педагогика және психология» кафедрасы келесі оқу бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:
Бакалавриат
- 6В03102 «Психология»
- 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт»
- 6В01402 «Дене шынықтыру және спорт» (IP)
- 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
- 6В01702 «Орыс тілі мен әдебиеті»
- 6В01301 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
- 6В03201 «Журналистика»
- 6В03202 «Мұрағаттану және кітапхана-ақпараттық қызметі»
- Магистратура
- 7М03104 «Психология»
- 7М01704 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (2 жыл)
- 7М01706 «Орыс тілі мен әдебиеті» (2 жыл)
Кафедраның оқытушылық құрамы ғылым докторлары, PhD докторлары және ғылым кандидаттары ғылыми атақтары мен дәрежелері бар мамандардан тұрады. Профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ) жоғары оқу орындары арасындағы өңірлік және халықаралық ғылыми конференцияларға белсенді қатысады, сондай-ақ Қазақстан-Американдық еркін университетінде (ҚАЕУ) және басқа да білім беру мен ғылыми мекемелерде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Ғылыми-педагогикалық кадрларды іріктеу және бөлу олардың ғылыми мамандануын, педагогикалық даярлық деңгейін және кәсіби тәжірибесін ескере отырып жүзеге асырылады. Озық оқыту әдістері кафедра отырыстарында тұрақты түрде талқыланады. Жас оқытушыларға айтарлықтай практикалық және ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар жетекші мамандар тарапынан тәлімгерлік көрсетіледі.
Оқытушылар студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тартады, пәндік олимпиадалар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және студенттік жұмыстар сайыстарын ұйымдастырады.
Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында кафедрада табысты жұмыс істейтін ұйымдар:
«Педагог-психолог» ғылыми үйірмесі
«Жаңа формациядағы педагог» ғылыми студенттік клубы