Білім беру бағдамалары
6В01301 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В01301 “Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Біліктілік сипаттамасы: білім бакалавры өзінің кәсіптік қызметінде теориялық білімді қолдана білуге, оқу-тәрбие процесіндегі жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыра білуге, білім сапасын арттыра отырып педагогикалық мәселелерді қоя білуге және шеше білуде білікті болуы қажет.
Кәсіптік қызмет нысандары: жалпы білім беретін мектептер, шағын жинақты мектептер, гимназиялар, лицейлер.
Берілетін дәреже: 6В01301″Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Біліктілік сипаттамасы: білім бакалавры өзінің кәсіби қызметінде теориялық білімді қолдана білуі керек, оқу-тәрбие процесінің жобаларын әзірлеу және іске асыру бойынша дағдысы болу; білім беру сапасын арттыруға ықпал ете отырып, педагогикалық мәселелерді қою мен шешуде құзыретті болу, өзінің кәсіби қызметін ағылшын тілінде жүзеге асыра білу, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білу керек.
Кәсіби қызмет нысандары: жалпы білім беретін мектептер, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мектептер, шағын жинақты мектептер, гимназиялар, лицейлер.
6В03102 «Психология» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В03102 «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры
Біліктілік сипаттамасы: әлеуметтік білім бакалавры маман-психологтың кәсіптік біліктілік талаптарына сәйкес психологтың кәсіптік қызметінің практикалық және зерттеу міндеттері, ғылыми әдістемесі жайлы ұғымы болу керек; маман-психолог біліктілігі бойынша білім талаптарына сәйкес тіршілік әрекетінің түрлі салаларында, психологияның практикалық және негізгі ғылыми қызметін білуі шарт.
Кәсіптік қызмет нысандары: мектепке дейінгі мекемелер, орта мектеп, лицей, гимназиялар, мамандандырылған білім беру және тәрбие беру мекемелері, училищелер мен колледждер; ғылыми-зерттеу институттары мен зерттеу орталықтары; спорттық және шығармашылық ұйымдар; денсаулық сақтау мекемелері; кәсіптік бейімделу және кәсіптік оқыту орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтері, жұмыспен қамту орталықтары; саяси технология мен қоғамдық пікірді зерттеу орталықтары; бизнесті ұйымдастыру және өндірістік кәсіпорындар, құқық қорғау мекемелері , қараусыз қалған балалар мен жасөсіпірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімделу орталықтары; коммуникативті процестер (тұлға аралықтан макро әлеуметтік деңгейге дейінгі диапазонда) және адам мен қоғамның, адам мен техниканың өзара әрекетінің психологиялық мәселелері.
6В03102 «Психология» білім беру бағдарламасы, «Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)
Берілетін дәреже: 6В03102 «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры
Біліктілік сипаттамасы: әлеуметтік білім бакалавры маман-психологтың кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарға сәйкес психологтың кәсіби қызметінің мақсаты, ғылыми әдіснамасы, зерттеу және практикалық әдістері туралы түсінігі болуы тиіс; психологияның негізгі ғылыми және практикалық функцияларын және психолог маманның білім беру құзыреттіліктеріне қойылатын талаптарға сәйкес өмірдің түрлі салаларында психологиялық білімдерді қолдану аясын білу, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білу.
Кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі мекемелер, орта мектептер, лицейлер мен гимназиялар, мамандандырылған білім беру және тәрбие мекемелері, училищелер мен колледждер; ғылыми-зерттеу институттары мен зерттеу орталықтары; спорттық және шығармашылық ұйымдар; денсаулық сақтау мекемелері; кәсіптік бағдар беру және кәсіптік оқыту орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, жұмыспен қамту орталықтары; қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталықтары; өндірістік кәсіпорындар мен бизнесті ұйымдары; құқық қорғау мекемелері , балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтары; халықаралық ұйымдар.
6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: Қоғамдық-әлеуметтік ғылым негіздерін, қоршаған ортамен қарым-қатынасын реттеп отыратын этикалық және заң нормаларын, Қазақстан территориясындағы әртүрлі қоғамдық-әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының тарихи ерекшеліктерін және қазақ халқымен басқа халықтардың мәдениет тарихын білуі керек. Компьютерді теру тәсілдерінен, кәсіптік қызметі аясында қолданылатын ақпаратты сақтай және өңдей алудан дағдысы болуы керек.
Кәсіптік қызмет нысандары: бітірушілердің кәсіптік қызметінің объектісі болып жалпы білім беретін орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, орта-кәсіптік ұйымдар, кәсіптік мектептер, колледждер табылады.
6В01702 «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В01702 “Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: білім бакалавры өз ойын көңілге қонымды, сауатты, дәлелді жеткізе білуі керек; кәсіптік қызметті атқару үшін жоғары ойлау мәдениеті мен таным әдістерін меңгеруі қажет; өзінің кәсіптік қызметінде базалық және бейінді пәндердегі құралдар мен әдістерді пайдалана білу, әр түрлі бағыттағы әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істей білу дағдысы болу; заманауи технологияларды пайдалана отырып жаңа білім алу, филология мен педагогика саласында базалық және бейінді пәндер бойынша қаланған білім негізінде біліктілік таныту.
Кәсіптік қызмет нысандары: орта, жалпы білім беретін мектептер, орта кәсіптік ұйымдар, кәсіптік мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер.
6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В01401 “Дене шынықтыру және спорт ” білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Біліктілік сипаттамасы: білім бакалаврының дене шынықтыру және спорттың қарапайым өмірдегі және мәдениеттегі дене тәрбиесі, денсаулықты нығайту құралы екендігін ұғыну, дене тәрбиесі бойынша сабақтарда тәрбие жұмысының түрлері мен әдістері, құралдары, принциптері, міндеттері, мақсаттарын қолдана білу, дене тәрбиесі процесін басқару, бақылау, жоспарлауды әдістемелік түрде дәлелдей білу, жоғары спорттық жетістіктерге жете білу, қолайлы жағдайда ағзаның бейімделу механизмдерінің кедергілері және денсаулық үшін зиянсыз болған жағдайда ағзаның резервтік мүмкіндіктері мен дененің жұмысқа қабілетті мүмкіндіктерін жетілдіру, дене қозғалысының әр түрлі топтарында ұйымдық бұқаралық жұмыстарды жүзеге асыру; дене шынықтыру және спорттың дамуын жоспарлау.
Кәсіптік қызмет нысандары: мемлекеттік, қоғамдық, жеке білім бертін ұйымдар, мектепке дейінгі, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары, колледждер, гимназиялар, училищелер, балалар спорт мектептері мен клубтары; спорт және дене шынықтыру қызметін басқару органдары, мемлекеттік ұйымдар, фирмалар; спорттық, дене шынықтыру, медико-биологиялық және психикалық денсаулық мәселелерін жетілдіру бағытындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары.
6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы –«Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)
Берілетін дәреже: 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Біліктілік сипаттамасы: білім беру бакалавры дене тәрбиесінің құралы ретінде қоғам өмірі мен мәдениетінде дене тәрбиесі мен спорттың рөлі, денсаулықты нығайту, дене тәрбиесі сабағындағы тәрбие жұмысының мақсаттары, міндеттері, принциптері, құралдары, әдістері мен формалары туралы түсінігі болуы тиіс дене тәрбиесінің процесін әдістемелік тұрғыдан негізді жоспарлау, бақылау және басқару, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу, оңтайлы физикалық жұмысқа қабілеттілік және ағзаның денсаулығына зиян келтірмей және ағзаның бейімделу механизмдерінің үзілуінсіз ағзаның резервтік мүмкіндіктерін жетілдіруді білу; дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында жаппай ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру; дене шынықтыру мен спортты дамытуды жоспарлау, ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.
Кәсіби қызмет нысандары: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары, колледждер, гимназиялар, училищелер, балалар спорт мектептері мен клубтары; дене шынықтыру және спорт қызметін басқару органдары, фирмалар, мемлекеттік ұйымдар; халықаралық спорт ұйымдары, дене шынықтыру, спорт бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары, дене және психикалық денсаулық проблемаларын әзірлейтін медициналық-биологиялық ұйымдар.
6В03201 «Журналистика» білім беру бағдарламасы
Дәрежесі: 6В03201 “Журналистика ” білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры.
Біліктілік сипаттамасы: әлеуметтік ғылымдар бакалавры еңбек нарығында оның қажеттілігін қамтамасыз ететін бейінді-мамандандырылған құзіреттіліктерді меңгеруі керек; демократиялық қоғамда журналист пен журналистиканың қоғамдық миссиясы мен әлеуметтік рөлін, әлеуметтік мұқтаждық контексіндегі БАҚ принциптері мен қызметін ұғына білу; медиа саланың (маңызды және технологиялық) негізгі дүние жүзілік даму тендециясы бағытына, бұқаралық-медиа саласында маңызды инновациялық практикалар мен конвергенция процесіне дағдылана білуі қажет.
Кәсіптік қызмет нысандары: отандық және шетелдік электронды және баспа БАҚ; отандық және шетелдік мемлекеттік және тәуелсіз органдар қасындағы ақпарат агенттіктері мен жаңалық қызметтері; отандық және шетелдік баспалар мен полиграфиялық кешендер;отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың пресс-қызметтері;Қазақстан мен шетелдегі қоғаммен байланыс бойынша құрылымдар мен бөлімшелер; Қазақстан мен шетелдегі саяси, зерттеу және консалтингтік құрылымдар;Жарнама агенттіктері; Желі ақпараттық құрылымдар;Көңіл көтеру қызметтері мен науқандар нарығы.
7М01704 «Қазақ тілі мен әдебиеті» – магистратура
Қазақ тілі мен әдебиеті теориясы мен тарихын терең білетін мамандарды және университеттерде оқыту әдістемесін дайындайтын академиялық дәреже.
Академиялық дәрежесі:
Педагогика ғылымдарының магистрі
Білім беру бағдарламасының шифры мен атауы:
7М01704 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Таңдау бойынша пәндер:
Педагогика, Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Оқыту формасы және оқу ұзақтығы:
Бейіндік магистратура: 1 жыл
Ғылыми-педагогикалық магистратура: 2 жыл
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» магистратурасының мамандығы қазақ мәдениетіне, тіліне және әдебиетіне қызығушылық танытатын студенттерге арналған. Бағдарламаның мақсаты-қазақ тілі мен әдебиетін терең біліп қана қоймай, жалпы қазақ мәдениетіне қатысты талдауға, түсіндіруге және сыни ойлауға қабілетті мамандарды даярлау.
Бағдарлама шеңберінде оқыту қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін және Қазақстан тарихын тереңдетіп оқытуды қамтиды. Студенттер классикалық және қазіргі қазақ әдебиетін зерттейді, қазақ әдебиетінің стильдері мен жанрларын талдайды, қазақ әдебиетіндегі түрлі ағымдарды зерттейді, сондай-ақ Қазақстан мәдениетінің тарихи және әлеуметтік аспектілерімен жұмыс істейді.
Студенттер сондай-ақ қазақ әдебиетін басқа тілдерге және керісінше аударуды, қазақ тіліндегі мәтіндерді талдау мен түсіндіруді, қазақ тіліндегі іскерлік құжаттар мен хат-хабарларды құрастыру мен аударуды, сондай-ақ қазақ медиасымен жұмыс істеуді үйренеді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» магистратура бағдарламасы курстық жобаларды, зерттеу жұмыстарын және аударма практикасын орындау түріндегі практикалық жұмысты да қамтиды. Студенттер мәдениетаралық коммуникация, лингвистика, философия және Қазақстан тарихы саласындағы білімдерін кеңейту үшін бірнеше қосымша пәндерден таңдай алады.
Мансап мүмкіндіктері:
Бағдарлама түлектері өздерінің білімдері мен дағдыларын білім, журналистика, мәдениет, мемлекеттік қызмет және халықаралық қатынастар сияқты әртүрлі салаларда қолдана алады. Олар сонымен қатар тіл білімі, әдебиет немесе басқа да салалар бойынша PhD (PhD) дәрежесін алу үшін оқуды жалғастыра алады.
7М01706 «Орыс тілі мен әдебиеті» – магистратура
Академиялық дәрежесі,
орыс тілін оқыту әдістемесінде, филологияның ерекшеліктері мен аспектілерінде және университеттерде оқыту әдістемесінде терең білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған академиялық дәреже.
Академиялық дәрежесі:
Педагогика ғылымдарының магистрі
Білім беру бағдарламасының шифры мен атауы:
7М01706 «Орыс тілі мен әдебиеті»
Таңдау бойынша пәндер:
Педагогика, орыс тілін оқыту әдістемесі
Оқыту формасы және оқу ұзақтығы:
Бейіндік магистратура: 1 жыл
Ғылыми-педагогикалық магистратура: 2 жыл
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы:
«Орыс тілі мен әдебиеті» магистратурасының мамандығы орыс тілі мен әдебиеті саласында терең білім алғысы келетін және оларды кәсіби қызметте қолданғысы келетін студенттерге арналған.
Бағдарлама аясында студенттер орыс тілін грамматика, лексика, фонетика, стилистика сияқты жоғары деңгейде оқиды, орыс тілінің даму тарихын, оның басқа тілдер мен мәдениетке әсерін, сондай-ақ қазіргі әлемдегі рөлін зерттейді. Олар сондай-ақ орыс әдебиетін, соның ішінде классикалық және қазіргі орыс әдебиетін зерттейді, әйгілі орыс жазушылары мен ақындарының шығармашылығын зерттейді.
Бағдарлама орыс халқының тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ олардың мәдени ерекшеліктерін, соның ішінде әдет-ғұрыптарын, дәстүрлері мен діндерін зерттеуді қамтиды. Студенттер сонымен қатар орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістерін оқытуда немесе ғылыми зерттеулерде жұмысқа дайындалу үшін үйренеді.
«Орыс тілі мен әдебиеті» магистратура бағдарламасы аясында студенттер әдеби шығармаларды талдауды, орыс тілінде эссе мен зерттеу мақалаларын жазуды, сондай-ақ орыс тілінде презентациялар дайындауды және өткізуді қамтитын практикалық сабақтар өткізеді.
Мансап мүмкіндіктері:
Бағдарлама түлектері өздерінің білімдері мен дағдыларын білім, журналистика, мәдениет, мемлекеттік қызмет және халықаралық қатынастар сияқты әртүрлі салаларда қолдана алады. Олар сонымен қатар тіл білімі, әдебиет немесе басқа да салалар бойынша PhD (PhD) дәрежесін алу үшін оқуды жалғастыра алады.
7М03104 «Психология» – магистратура
Психологиялық ғылымды, психокоррекцияны және оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін одан әрі зерттей отырып, кешенді дайындығы бар мамандарды оқытуға бағытталған академиялық дәреже.
Академиялық дәрежесі:
Әлеуметтік ғылымдар магистрі
Білім беру бағдарламасының шифры мен атауы:
7М03104 «Психология»
Таңдау бойынша пәндер:
Жалпы психология, Даму психологиясы
Оқыту формасы және оқу ұзақтығы:
Бейіндік магистратура: 1 жыл
Ғылыми-педагогикалық магистратура: 2 жыл
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы:
Магистратурадағы «Психология» мамандығы адамның мінез-құлқы мен психикалық процестері туралы ғылым ретінде психология саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдеткісі келетін студенттерге арналған.
Бағдарлама аясында студенттер психология саласындағы әртүрлі теориялық және әдіснамалық тәсілдерді, соның ішінде Даму, когнитивті, әлеуметтік, клиникалық, жалпы, жеке және басқа тәсілдерді үйренеді. Олар сондай-ақ психологияның әртүрлі салаларында практикалық тәжірибе алады, мысалы, психикалық жағдайларды диагностикалау және бағалау, кеңес беру, психотерапия, мәселелерді шешу және т. б.
Бағдарлама сонымен қатар студенттерге қазіргі әлемдегі адамдардың проблемалары мен қиындықтарын жақсы түсінуге көмектесетін психология саласындағы заманауи зерттеулерді зерттеуді қамтиды. Олардың арасында Денсаулық психологиясы, мәдениетаралық психология, тұлға психологиясы және т. б. саласындағы зерттеулер болуы мүмкін.
Психология магистратурасының студенттері зерттеу әдістерін, деректерді талдауды және ғылыми мақалалар мен есептер жазуды қоса алғанда, ғылыми жұмыс дағдыларын алады. Олар сондай-ақ қарым-қатынас, жоспарлау және көшбасшылық дағдыларын дамытуға көмектесетін практикалық сабақтар мен жобаларға қатыса алады.
Мансап мүмкіндіктері:
Бағдарлама түлектері білім беру, денсаулық сақтау, бизнес, әлеуметтік жұмыс және құқық қорғау органдарын қоса алғанда, әртүрлі салаларда жұмыс істей алады. Олар психологтар, кеңесшілер, психотерапевттер, жаттықтырушылар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар және басқа психология мамандары ретінде жұмыс істей алады. Олар сондай-ақ білімін жалғастыра алады және психология саласында философия докторы (PhD) дәрежесін ала алады.
6В03201 “Журналистика” білім беру бағдарламасы – «Кәсіби коммуникация саласындағы ағылшын тілі» –қосымша мамандандырумен (minor)
Берілетін дәреже: 6В03201 “Журналистика” білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры
Біліктілік сипаттамасы: әлеуметтік білім бакалавры еңбек нарығында оның қажеттілігін қамтамасыз ететін кәсіби-мамандандырылған құзыреттерге ие болуы тиіс; демократиялық қоғамдағы журналистика мен журналистің әлеуметтік рөлі мен қоғамдық миссиясын, әлеуметтік қажеттіліктер контекстіндегі БАҚ функциялары мен принциптерін түсіну; медиаасалалар дамуының негізгі әлемдік үрдістерінде (мазмұнды және технологиялық), конвергенция процесінде және масс-медиа саласындағы маңызды инновациялық тәжірибелерде жол таба алуы тиіс; ағылшын тілінде кәсіби әдебиетті оқу, түсіну, түсіндіру және талдау, ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыра білуі керек.
Кәсіби қызмет нысандары: отандық және шетелдік электрондық және баспа БАҚ; отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер мен мемлекеттік және тәуелсіз органдар жанындағы жаңалықтар қызметтері; отандық және шетелдік баспалар мен полиграфиялық кешендер; отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметі; Қазақстандағы және шетелдегі жұртшылықпен байланыс жөніндегі құрылымдар мен бөлімшелер; Қазақстан мен шетелдердің саяси, әлеуметтік және маркетингтік зерттеу және консалтингтік құрылымдары; жарнамалық агенттіктер; желілік ақпараттық құрылымдар; ойын-сауық қызметтері