Open Day at the Specialized Interdistrict Economic Court of East Kazakhstan Region
2023 жылғы 15 қарашада “Құқықтану”, “Құқық және құқық қорғау қызметі”, “Құқық және кеден қызметі” ББ 2, 3 курс студенттері, “Құқықтану” ББ магистранттары Ашық есік күні аясында ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына барды. Студенттер соттың, сот кеңсесінің және оның бөлімдерінің жұмысымен, сотта өндірістік іс-тәжірибеден өту мүмкіндігімен және сот органдарына жұмысқа орналасу тәртібімен танысты, сондай-ақ сот отырысына көрермен ретінде қатысты.
ШҚО МАЭС басшылығына – сот Төрағасы Ерболатов Ернар Ерболатұлына, кеңсе меңгерушісі Рыбкина Алена Юрьевнаға қызықты әрі танымдық экскурсиясы үшін алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы


