“Құқық және халықаралық қатынастар” кафедрасы

«Құқық және халықаралық қатынастар»кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады:

1. Бакалавриат:

  • Құқықтану;
  • Құқық және құқық қорғау қызметі;
  • Құқық және кеден қызметі;
  • Халықаралық қатынастар.

2. Магистратура:

  • Құқықтану;
  • Халықаралық қатынастар.

3. Докторантура:

Құқықтану.

Кафедраның штаттық құрамында ғылым докторы, РhD докторы, ғылым кандидаты дәрежелері мен атақтары бар оқытушылар бар. Кафедраның ПОҚ тұрақты түрде кафедрааралық, жоғарғы оқу орындарының арасында аймақтық және халықаралық ғылыми конференциялар мен іс-шараларға қатысады, ҚАЕУ және басқа да практикалық білім беру мекемелерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Ғылыми-педагогикалық кадрларды алу мен тағайындау ғылыми мамандану бағыты мен педагогикалық дайындық деңгейі, кәсіби дәрежесінің жеткіліктігі бойынша алынады.Оқытудың алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибесі үнемі кафедра отырысында қарастырылады. Жас педагогтар практикалық және ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бай озық оқытушылар, яғни тәжірибелі тәлімгерге бекітіледі.

Оқытушылар студенттермен белсенді ғылыми жұмыстар жүргізеді: олимпиадалар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, студенттік жұмыстар сайыстарын өткізеді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде кафедрада «Цивилист», «Кеденші», «Международник» студенттер ғылыми үйірмелері, «Фемида» студенттік құқықтану клиникасы қызмет атқарады. Ол – студенттердің өндірістік іс-тәжірибеден өтетін орны ғана емес, тұрғындарға тегін заң тұрғысынан көмек көрсететін мекеме.